top of page

ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР

           Қысқы оқыту сессия барысында Лебяжі білім бөлімінің жоспарына сәйкес Лебяжі ауданы мұғалімдері мен оқушыларына олимпиадаға дайындау және ғылыми жоба жұмыстарына жетекшілік ету мақсатында ПМПУ ұстаздары келіп жұмыс жасайтын болады.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!!!

2017-2018 оқу жылының  қысқы оқыту сессиясына арналған сабақ кестесі

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде «Тірек мектебі мен магниттік мектебінің сабақтастығы» тақырыбында магниттік мектептер қатысында аудандық көшпелі семинар өтті

        2017 жылғы 20 қазанда Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде «Тірек мектебі мен магниттік мектебінің сабақтастығы» магниттік мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында көшпелі семинары өтті.

     Семинардың негізгі мақсаты: магниттік мектептер арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және физика, математика және биология сабақтарында әдіс – тәсілдерді жетілдіру арқылы кәсіби біліктілікті арттыру жолында қолдау көрсету. Аудандық– инновациялық жетекші мектептерге қарасты магниттік мектептерге әдістемелік қолдау көрсету бағытын анықтау, оқу – тәрбие үдерісінде және жаратылыстану пәндерінің проблемаларын анықтау. Семинарға Абай, Бесқарағай, Ямышев магнит мектептерінің математика, физика, биология пән мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты.

    Аудандық семинар жоспарға сай өткізілді. Атап айтар болсақ, жаратылыстану – математика бағытындағы физика , математика, биология, пәндерінде ашық сабақтар өткізілді.

        Бағдарлама бойынша Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Б.М. Айсанова «Функция графиктерін қарапайым түрлендіру», физика пәнінің мұғалімі Е.С. Арынов  «Молекулалық –кинетикалық теорияның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері. Молекулалардың өзара әрекеттесу күші», биология пәнінің мұғалімі С.Т. Ибрашова «Жасуша құрылысы және атқаратын қызметтері тарауына қорытынды» тақырыптарында тәжірибе бөлісті.

         Семинарда өтілген іс – шаралар негізінде кері байланыс алынып , қатысушылар пікірі тыңдалды. Өткізілген іс – шараға байланысты магниттік мектеп мұғалімдері жоғары деңгейде өткізілді деген баға берді. 
      «Тірек мектебі мен магниттік мектебінің сабақтастығы» атты семинарды ресурстық орталығының координаторыХадыс Т. қорытындылап, қатысушы магниттік мектепмұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісугенегізделген ресурстар материалдарының электронды нұсқалары таратылды. Сонымен қатар 2017-2018 оқу жылына арналған магнитті мектептердің жоспары таныстырылып, алдағы уақытта болатын іс – шаралар түрлері өтетін мектептерге хабарлама жасалынды. Аудандық семинар көзделген мақсатқа сай жоғары деңгейде өткізілді.

 

                                                  Директордың әдістеме жұмысының орынбасары: Сейтенова А.К.

bottom of page